Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне жаңа сарапшылар қосылды

31 қаңтар, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне жаңа сарапшылар қосылды Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан А.Данилов, Л.Демесінова, А.Мырзахметов және А.Омаров шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық кеңеске енгендер: - Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева; - Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков; - Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек; - Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина; - Қаржыгер Расул Рысмамбетов. Ұлттық кеңеске жаңадан 20-дан астам сарапшы мен қоғам белсенділері тартылды. Әзірге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жетінші отырысына дайындық жүргізілуде.