2017 жылы қазақстандықтар ескі көліктің орнына жаңа көлік алуы мүмкін

2017 жылы қазақстандықтар ескі көліктің орнына жаңа көлік алуы мүмкін

2017 жылы қазақстандықтар ескі көліктің орнына жаңа көлік алуы мүмкін
ашық дереккөзі
Утилизация бағдарламасы бойынша ескі машинаны арнайы сертификаттарға айырбастауға болады. Яғни аталмыш сертификат отандық автомобильді сатып алуға мүмкіндік береді. Жаңа бағдарлама 2017 жылдан бастап жұмыс істеуі мүмкін. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры Рустам Темирбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 «Сертификат бойынша заңдағы актілерге өзгертулер дайындалып жатыр. Тиісті ұсыныс қаралған соң, 2017 жылдың 1-ші желтоқсанында бұл бастама қолға алынады деген ойдамын. Екі бағдарламаны қатар жүргізетін боламыз. Яғни утилизация бағдарламасы бойынша ескі машинаны арнайы сертификаттарға айырбастауға болады. Аталмыш сертификат тек отандық автомобильді сатып алуға мүмкіндік береді. Жеңіл автокөліктер бойынша 315 мың. Бір автокөлікті сатып алуға екі сертификат жарауы мүмкін. Нәтижесінде екі сертификаттағы ақшаның көлемі 600 мың теңгені құрайды. Сертификатты кез келген отандық автоөндірушіге көрсетіп, өзіңізге ұнаған көлікті сатып алуға болады», - деді басшы.
Айта кетейік, аталмыш бағдарлама 2016 жылдың қазанынан жұмыс істеуі қажет болған.