Теолог «Йакын Инкар» мүшелерін көшеде бірден байқауға болатынын айтты

Теолог «Йакын Инкар» мүшелерін көшеде бірден байқауға болатынын айтты

Теолог «Йакын Инкар» мүшелерін көшеде бірден байқауға болатынын айтты
ашық дереккөзі
Қырғызстандық теолог Қадыр Маликов «Әлем тынысы» бағдарламасында Алматыдағы оқиғаға «Йакын Инкардың» қатысы бар-жоғы туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстанда «Таблиғи жамағатқа» да, «Йакын Инкарға» да жатпайтын көптеген ұйымдар бар. Өйткені «Йакын Инкар» мүшелері пәкістандық киіммен көшеде ашық жүреді. Оларды бірден байқауға болады. Бірақ бұл адамдар («Йакын Инкарға» да жатпайтын көптеген ұйымдар – ред.) сақалын қырып тастайды. Оларда «тукья» деген түсінік бар. «Тукья» деген – дінін, идеологиясын жасыру. Исламнан бас тартуға немесе мүлдем зайырлы өмір салтын ұстануға дейін барады. Бұл идеология ДАИШ-пен тікелей байланысты», – деді сарапшы.
Сондай-ақ «Бұл топ мүшелерінің Алматыдағы лаңкестік әрекеттерге қатысты болуы мүмкін бе?» деген сұраққа ол: «Теориялық тұрғыдан мүмкін, бірақ идеологиялық тұрғыдан емес», - деп жауап берді.