Жаңалықтар

«Қазақстан халқына» қоры тағы 40,8 млрд теңгемен толықты

ашық дереккөзі

«Қазақстан халқына» қоры тағы 40,8 млрд теңгемен толықты

Қоғамдық әлеуметтік қордың таратқан дерегіне сүйенсек, 16-28 қаңтар аралығында қор шоттарына 93,3 миллиард теңге аударылған, деп жазды turkystan.kz. 28 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоры шоттарына қаражат аударғандар: «ERG КӨМЕК» корпоративті қоры – 30 миллиард теңге; «Халық» қайырымдылық қоры – 10 миллиард теңге; Сүлейменов Диас Төлеутайұлы – 450 миллион теңге; «Банк Центр Кредит» АҚ – 200 миллион теңге; «Көліктік сервис орталығы» АҚ – 150 миллион теңге. Қор басшылығы алынған барлық қаражаттың толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады.