Түркістанда өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан астам қой жанып кетті (ВИДЕО)

Түркістанда өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан астам қой жанып кетті (ВИДЕО)

Түркістанда өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан астам қой жанып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, 1150 бас қой жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан 5 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағындағы мал ұстайтын екі қабатты ғимараттан өрт шыққан. Хабарлама 101-ге 31 қаңтарда сағат 7.15-те түскен. Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал ұсталса, екінші қабатында шөп сақталған. Фермадан жақын маңдағы өрт сөндіру бекетіне дейінгі аралық 40 шақырым болады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. Салдарынан 1150 бас қой мен 150 тонна сығымдалған шөп өртеніп кетті. Оқиға орнынан шопанның денесі табылды.
«Өрт 09.37-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталған. Өрт аумағы 781 шаршы метр болады. Оның шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды», - делінген хабарламада.