Ерболат Досаевтың әкім болуына қарсы азаматтар петицияға қол жинап жатыр

Ерболат Досаевтың әкім болуына қарсы азаматтар петицияға қол жинап жатыр

Ерболат Досаевтың әкім болуына қарсы азаматтар петицияға қол жинап жатыр
ашық дереккөзі
Бүгін Ерболат Досаевтың Алматы қаласының әкімі болып тағайындалғаны белгілі болды. Алайда бұрынғы Ұлттық банк төрағасының Бақытжан Сағынтаевтың орнын алмастыратыны туралы ақпараттар кешеден бастап тарай бастаған. Тіпті бір күн бұрын Досаевтың тағайындалуына қарсы шығушылар петиция да жариялап үлгерген, деп хабарлады turkystan.kz. Петицияға қазіргі уақытқа дейін 105 адам қол қойған. Оның авторлары барлығы 100 мың адамның қолын жинауды мақсат еткен. Сайтта Досаевтың бұрынғы қызметтеріндегі олқылықтары түгел жазылыпты. Қол жинаушылар Forbes тізіміне түсініксіз түрде енген Ерболат Досаевтың Алматы қаласының әкімі болып тағайындалғанына таңданыстарын да жасырмаған.
«Біз, петицияға қол қойған азаматтар, бұл тағайындауға үзілді-кесілді қарсымыз! Бізге өз әкімімізді әділ түрде сайлауға мүмкіндік беріңіздер! Бұл - біздің құқығымыз!» - дейді олар.
Тағы оқи отырыңыз: Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды