Букмекерлер Қазақстанды фаворит санайды

Букмекерлер Қазақстанды фаворит санайды

Букмекерлер Қазақстанды фаворит санайды
ашық дереккөзі
Нидерландыда футзалдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатының мәресі жақындап қалды. Ширек финалға қиналмай шыққан Қазақстан құрамасы бүгін Украина командасымен кездеседі, деп жазды turkystan.kz. Жартылай финалдың жолдамасы сарапқа салынатын кездесуде букмекерлік кеңселер Қазақстан құрамасын фаворит санап отыр. Parimatch букмекерлік кеңсесі бұл кездесуде Қазақстан құрамасы жеңеді дегенге 1,61 коэффициент, Украина құрамасы басым түседі дегенге 3.75 коэффициент ұсынған. Букмекерлік кеңселердің өте сирек қателесетінін ескерсек, ұлттық құрама жартылай финалға шығуы тиіс. Бұл ойынды 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні, сағат 01.00-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.