Анасы зообақта 3 жасар қызын аюдың торына лақтырып жіберген (ВИДЕО)

Анасы зообақта 3 жасар қызын аюдың торына лақтырып жіберген (ВИДЕО)

Анасы зообақта 3 жасар қызын аюдың торына лақтырып жіберген (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

30 қаңтарда әлеуметтік желіде Ташкент зообағында анасы баласын аю қамалған торға лақтырып жіберген сәт түсірілген видео тарап кетті, - деп хабарлады turkystan.kz nuz.uz сайтына сілтеме жасап. Оқиға 28 қаңтарда түс ауа болған. Кадрдан әйелдің қоршау маңында баласымен біраз уақыт тұрып, кейін оны қалай лақтырып жібергенін көруге болады. Осыдан кейін аң ақырын арыққа түсіп, қызға жақындайды, бірақ оған тиіспейді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері тез әрекет етіп, аңды ішкі бөлмеге тартады, ол да бірден кіріп кетеді. Баланы шығарғаннан кейін оны медбике қарап шыққан. Үш жасар қыз жыртқыштан емес, 5 метрге жуық биіктіктен құлағаннан ғана зардап шеккен. Ауруханада қыздың дереу барлық қажетті медициналық тексеруден өткені айтылды.

«Ол жеңіл шок жағдайында болды. Биіктен құлағаннан оған ашық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер бақылауында, жағдайы қанағаттанарлық», - дейді дәрігерлер.

Өзбекстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дерекке қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалған.