Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, ол бұған дейін Ұлттық банктің төрағасы болған. Ал Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылды. Ол Алматы қаласының әкімі лауазымына 2019 жылы тағайындалған болатын. Ерболат Досаев еңбек жолын 1993 жылы «Искер» СҒК-да бастаған. Әр жылдары Премьер-министрдің кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Қаржы вице-министрі, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасы болып істеген. Тағы оқи отырыңыз: Сағынтаев өзінің «отставкасы» туралы қауесетке жауап берді Қазақстандағы Еуропалық Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы, Денсаулық сақтау министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, Ұлттық экономика министрі, «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.