Үштөбеде зиратты қиратқан күдікті ұсталды

Үштөбеде зиратты қиратқан күдікті ұсталды

Үштөбеде зиратты қиратқан күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысының полицейлері Үштөбе қаласындағы зираттарды бүлдірді деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Психикасы бұзылған Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны жерлеу орындарын қиратты деген күдікке ілінді. Оның қылмысқа қатыстылығы расталды. Зираттарды қирату барысында 14 жерлеу орны бүлініп, олардың металл қоршаулары қиратылып, ағаш және темір крестер сынған. Құлпытас жазбалары мен ескерткіш гүл шоқтары жан-жаққа шашылған. Күдіктінің әрекетінен бүлінген зираттар негізінен қорымның шет жағында орналасқан. Қайтыс болғандардың туыстарына хабар берілді. Тексеру барысында ұрлық деректері анықталған жоқ. Күдіктінің анасы бала кезінен ауыр психикалық ауытқуы бар ұлының әрекеті үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев православ зиратын қиратқандарды жазалауды тапсырды (ВИДЕО) Қаратал ауданының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы («Тағылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдіктінің психикалық жай-күйі ескеріліп, облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды.