QAZAQ AIR Астана-Семей әуе рейсін ашады

QAZAQ AIR Астана-Семей әуе рейсін ашады

QAZAQ AIR Астана-Семей әуе рейсін ашады
ашық дереккөзі

Қысқы навигацияға өту қарсаңында QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, жаңа Астана–Семей бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындайтынын мәлім етеді. Бұл туралы әуекомпанияның ресми сайтында жарияланды. 

Елорда мен Шығыс Қазақстанның ірі қаласын өзара байланыстыратын тікелей бағдар заманауи Bombardier Q400 NextGen әуелайнерімен сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Астанадан Семейге жеткізетін бір жақты билеттің құны, жолаушы мен әуежай терімдерін қоса есептегенде, 16916 теңгеден басталып, жол уақыты 1 сағат 25 минутты құрайды.

«Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап Алматыдан Шығыс Қазақстанның ірі қалаларының бірі – Семейге орындала бастаған рейстер, енді Семейден Астанаға дейін әрмен қарай ұшады. Бұл бағдар жұмыс бабымен немесе демалысқа асығыс болған Семей тұрғындары мен қонақтарын елордамызға тез әрі қолайлы жеткізіп, онымен қоса түйіспелі Астаналық әуежайы арқылы ішкі және шетелдік сапарды жасауға мүмкіндік береді», – деп айта кетті «QAZAQ AIR» АҚ коммерциялық директоры Адель Даулетбек.

Аталмыш рейстермен қатар, биылғы жылдың 1 желтоқсанда QAZAQ AIR компаниясы еліміздің батыс өңіріндегі Атырау мен Орал, Актау қалаларын да байланыстыратыра бастайтынын айта кеткен жөн.