Маңғыстаулық мұнайшылар Президенттен араша сұрады (ВИДЕО)

Маңғыстаулық мұнайшылар Президенттен араша сұрады (ВИДЕО)

Маңғыстаулық мұнайшылар Президенттен араша сұрады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында мұнайшылар еңбек дауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады, деп жазды turkystan.kz. «Ойл Транспорт Корпорейшэн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларының айтуынша, еңбек дауына басшылықтың қысқартуларға қатысты уәдесінде тұрмауы түрткі болған. Тағы оқи отырыңыз: «Соңғы қадамға баруға мәжбүрміз»: жаңаөзендік жұмысшылар Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)
«Компанияда жүргізген жаппай қысқартудан кейін жұмыссыз қалғандардың саны артты. Басшылық бізді әу баста мәжбүрлеп 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарды. Кейін жұмысқа қайта қабылдауға уәде берген болатын. Амалымыз таусылған соң соған келісім бердік. Бірақ компания басшысы уәдесінде тұрмады», – дейді жұмысшылар.