Шымкентте пәтерден 3 адамның мәйіті табылды

Шымкентте пәтерден 3 адамның мәйіті табылды

Шымкентте пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 3 адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.  Ведомство мәліметінше, 30 қаңтарда 103 қызметіне Ерманов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйден хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен сыртқы есікті ашқан. Пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылы туған 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар улы газдан уланып қалған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Тағы оқи отырыңыз: Шымкентте пәтерден 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды