Тоқаев православ зиратын қиратқандарды жазалауды тапсырды (ВИДЕО)

Тоқаев православ зиратын қиратқандарды жазалауды тапсырды (ВИДЕО)

Тоқаев православ зиратын қиратқандарды жазалауды тапсырды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Алматы облысындағы православтық зиратты қиратқандарды жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді» деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Үштөбеде вандалдар қиратқан зираттың видеосы тарап кеткен еді. Видеодан қабірлердің қазылғанын, олардың айналасындағы гүл шоқтарын, крестер мен қоршауларды жұлып алғанын көруге болады. Полиция ҚР ҚК-нің 294-бабы («Вандализм») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.