Президент Сағынтаевқа қатысты пікір білдірді

Президент Сағынтаевқа қатысты пікір білдірді

Президент Сағынтаевқа қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы тәртіпсіздіктен кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты ауыстыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сіз әкімнің қалғанын қалайсыз ба? Әлде ауыстырған жөн бе? Алматы қаласының әкіміне келсек, алғаш рет күтпеген, қиын жағдайға тап болған секілді. Төтенше жағдай күнде болып жатқан жоқ, сондықтан өз басым әкімге кінә артпас едім. Негізі, ол - адал кісі. Бір жағынан, алматылықтардың күтпеген сәттегі көңіл-күйін де түсінемін. Уақыт келгенде, білетін боласыздар», - деді Тоқаев телеарнаға берген сұхбатында.
Президент интернетте жарияланған петиция туралы білетінін де айтты. Сондай-ақ ол қаланы «Алматы» емес, «Алма-Ата» деп атауға қатысты өз ойын айтты.
«Енді, қазір барлық құжатты ауыстырып қайтеміз? Тиісті шешімдер қабылдау керек. «Алматы» деген атау қазақ тілді адамдарға жақын. Ал орыс тілділерге «Алма-Ата» деп айтқан жеңіл. Былай келісейік, ресми түрде «Алматы» атауы қала берсін, ал қала тұрғындары мен оны жақсы көретіндер қалай атаса да өз еркі», – деп атап өтті Президент.