Бейжің Олимпиадасына Қытай атынан 3 қазақ спортшысы қатысады

Бейжің Олимпиадасына Қытай атынан 3 қазақ спортшысы қатысады

Бейжің Олимпиадасына Қытай атынан 3 қазақ спортшысы қатысады
ашық дереккөзі
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қытай құрамасының есімдері жарияланды. Олардың қатарында 3 қазақ спортшысы да бар, деп хабарлады turkystan.kz. Қытайдың «Орталық халық радиосының» мәліметінше, XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Баян Жалынқызы, Қадыс Бәделханұлы, Ақнар Адаққызы сияқты 3 қандасымыз Қытай құрамасының атынан өнер көрсетеді. Айта кетсек, қандасымыз Баян Жалынқызы 1999 жылы Алтайдың Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол Бейжің қаласында өтетін 2022 жылғы XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Тау шаңғысы спортынан өнер көрсетеді. Баян 2018 жылдан бастап Норвегия елінде 3 жыл бойы тау шаңғысы спорты бойынша дайындалып, біліктілігін шыңдаған.