ШҚО-да орманшылар табиғатқа 65,7 млн теңге шығын келтірген

ШҚО-да орманшылар табиғатқа 65,7 млн теңге шығын келтірген

ШҚО-да орманшылар табиғатқа 65,7 млн теңге шығын келтірген
ашық дереккөзі
Өскемен қаласының №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында табиғатқа 65,7 млн теңге шығын келтірген орманшылар мен кәсіпкерлер сотталды, деп хабарлады turkystan.kz. «Өскемен орман шаруашылығы» кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, бопсалау арқылы бірнеше рет пара алды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, А. және Ш. есімді кәсіпкерлерге қатысты ағаштарды заңсыз кесіп, ірі көлемде зиян келтіру фактісі бойынша сот ісі қаралды. Белгілі болғандай, олардың заңсыз әрекеттерінің кесірінен табиғатқа 65,7 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген. Сотта айыпталушылар өз кінәларын толықтай мойындады. «Өскемен орман шаруашылығының» директоры аудандық орман шаруашылығы мекемелері басшыларымен келісіп, 2020 жылдың мамыр айынан 2021 жылдың ақпанына дейінгі аралықта Ш. мен А.-ға заңсыз ағаш кесуге мүмкіндік берген. Сот орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерін және «Өскемен орман шаруашылығының» басшысын 3 жылға бас бостандығынан айырды.
«Сот үкімі бойынша орманшылар 1 жыл 6 айдан – 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал кәсіпкерлер Ш. және А. 3 жыл мерзімге ағаш кесу саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ» делінген хабарламада.