Коронавирустың жаңа түрі анықталды

Коронавирустың жаңа түрі анықталды

Коронавирустың жаңа түрі анықталды
ашық дереккөзі
Қытай ғалымдары бұрын Оңтүстік Африкада тіркелген NeoCoV коронавирусының адам популяциясына ену қаупі туралы хабарлады. Бұл туралы bioRxiv сайты жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Вирустардың бұл тобының таралу жағдайларын олардың адамдарда пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, мұқият бақылау керек делінген хабарламада. Мамандардың айтуынша, вирус адам денесімен өзара әрекеттесу үшін белгілі бір мутацияны қажет етеді, сондықтан қазір ол тек жарқанаттарға қауіп төндіреді. Алайда мамандар NeoCov көп жағынан жұмбақ болып қала беретінін айтады. Айта кетсек, бұған дейін ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге COVID-19 пандемиясының омикрон штамынан кейін аяқталуы мүмкін деп мәлімдеме жасаған болатын.