ММА: қазақстандық спортшы үш дүркін әлем чемпионы атанды

ММА: қазақстандық спортшы үш дүркін әлем чемпионы атанды

ММА: қазақстандық спортшы үш дүркін әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі

Қазақстандық ММА файтері Бағдат Жұбаныш ММА тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Қазақстанның біріккен ММА федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Турнир Абу-Дабиде аяқталды. Чемпионатқа әлемнің 56 елінен 421 спортшы қатысты. Жарыстар 18-21 жас (жастар) және 21+ жас (ересектер) санаттары бойынша өтті. Қазақстан атынан 29 салмақ дәрежесі бойынша 42 спортшы қатысты. Ақтөбелік Бағдат Жұбаныш финалдық жекпе-жекте 52,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Фарход Рахмоналиевті жеңіп, ММА тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды. Жекпе-жектің үш раунды да қазақстандықтың басымдылығымен өткен. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Жұбанышқа берген.