«20 мың террорист туралы мәлімет қайдан шықты?» - Президент жауабы

«20 мың террорист туралы мәлімет қайдан шықты?» - Президент жауабы

«20 мың террорист туралы мәлімет қайдан шықты?» - Президент жауабы
ашық дереккөзі
«Хабар» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 мың террорист туралы мәлімет қайдан шыққанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Біріншіден, Алматыдағы бандиттік акция бір сағат мерзімде ғана өтпеді ғой. Полиция департаментінің ғимаратын қорғау екі түнге жалғасты. Осы уақыт бойы полицейлер бандиттерге тойтарыс берді», - деді Президент.
Оның айтуынша, бандиттер өздерінің саны жағынан басым болғандықтан, полицейлер мен әскери қызметшілерге қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл олардың саны өте көп болғанын көрсетіп отыр. Алматыға олар үш бағыттан жүріп, полицейлер қойған бекеттерді ысырып тастаған.
«Сондықтан бандиттер саны аз болғанын айтып, бұл жағдайды мысқылға айналдыру жөнсіз деп ойлаймын. Шын мәнінде олар толқын-толқынмен жүрді. Оларға бұйрық беріліп отырғаны түсінікті жағдай», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тағы оқи отырыңыз: Президент: Жағымпаздыққа қарсымын «Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспеймін» – Тоқаев