Жаңалықтар

«Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспеймін» - Тоқаев

ашық дереккөзі

«Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспеймін» - Тоқаев

Президент Заңды, Конституцияны өзгертпеуге уәде берді. Сондай-ақ елді Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық басқармайтынын жеткізді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz. «Қоғамның саяси трансформациясымен де, экономикалық қайта құрулармен де бір мезгілде айналысу керек. Бұл - менің миссиям. Қалай болғанда да, мен қанша уақыт Қазақстан Президенті болатынымды білмеймін. Бірақ, Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық болмайтынымды нақты білемін. Заңдарды, әсіресе, Конституцияны өзгертпеймін», - деп уәде берді Тоқаев.