Қырғызстан мен Қазақстанның Олимпиада формасы желіде қызу талқыға түсті

Қырғызстан мен Қазақстанның Олимпиада формасы желіде қызу талқыға түсті

Қырғызстан мен Қазақстанның Олимпиада формасы желіде қызу талқыға түсті
ашық дереккөзі
Желі қолданушылары Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға қатысатын Қырғызстан мен Қазақстан құрамаларының формасын салыстырды, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде Бейжіңге баратын делегация өкілдерінің салтанатты формасының суреттері жарияланды. Қырғызстандықтар оның стилі ғана емес, түсіне де таңғалған. «Айырмашылықты сезіп көріңіз» деп пікір қалдырған. Қырғызстан Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдерінің хабарлауынша, спортшылардың формасын Қырғызстан ҰОК серіктесі қытайлық Tectop компаниясы тегін ұсынған. ҰОК пен Tectop компаниясы 2018 жылдан бастап серіктес. Ал Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының формасына 2021 жылдың жазында олимпиадаға дайындық кезінде тапсырыс берілген.