Сенбі, 10 Желтоқсан, 2022

Маңғыстаулық фермерлер Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

Қойшылар қауымдастығының сарапшысы Алмасбек Садырбаев әлеуметтік желіде үндеу жариялады. Ол елде жем-шөп бағасының  қымбат екенін айтып, Мемлекет басшысынан көмек сұрады, деп хабарлады turkystan.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Шаруалар жем-шөп бағасын 50 теңгеге түсіруді талап етіп отыр.

Сарапшының айтуынша, Маңғыстау өңірінде малдың 70 пайызы қырылып қалған. Елдің Оңтүстігінде жемнің құны 100 теңгеден асты дейді. Сондықтан шаруалар жем-шөпті несиеге алуға мәжбүр боп отырғандарын айтады. Ал көрші Ресей мен Өзбекстанда  кебектің бағасы 50 теңгеден аспайтынын мысалға келтіреді.

«Елдегі фермерлер несиеге кіріп, тапқан қаражатына жем алып жатыр. Малдың барлығы қолға қарады. Бүгінгі күнде Маңғыстаудың жерінде 70 пайыз малдың шығыны болды. Өлетіні өлді, сонымен 30 пайыз ғана мал қалды. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Үкіметке тапсырма беріп, қазақ шаруаларының осы мәселесін шешіп берсеңіз. Қай жақтан алып келсе де, бізге 50 теңгеден жасап беріңіздер. Қалған малымызды аман алып қалайық», – деді Алмасбек Садырбаев.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button