Дәурен Абаев Мемлекеттік Орталық музей қызметкерлерін марапаттады
Дәурен Абаев Мемлекеттік Орталық музей қызметкерлерін марапаттады
28 қаңтар күні Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мемлекеттік Орталық музейі қызметкерлерін марапаттады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Министр музей қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы, батылдығы және өз өмірін қатерге тігіп, ұлттық мәдени және рухани жәдігерлерді қорғағаны үшін алғысын айтты.
Марапатталған қызметкерлердің тізімі:
1. Бибігүл Дандығараева - музей директорының орынбасары;
2. Саметова Анар Төлеушайқызы - музей директорының қаржы және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары;
3. Дәуітбаев Марат Бейсенғазыұлы - бас инженер;
4. Төлегенова Жазира Куанбекқызы - бас бухгалтер;
5. Амангелдиева Анар - көрмелер мен экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
6. Сәкежанов Марат Білісбекұлы - пневмо-сорғы қондырғылары және санитарлық-техникалық қызмет бөлімінің басшысы;
7. Әліпиев Ерболат Тұрсынұлы - ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
8. Көккөзов Дүйсенбек Жақанұлы - бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика және электротехникалық қызмет бөлімінің басшысы;
9. Балай Санжар Бақытұлы - ғимаратты күзетуді және өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
10. Құлмағанбетова Раушан Жақыпқызы - ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің орта санатты маман-менеджері.