«Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы түсті?

«Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы түсті?

«Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы түсті?
ашық дереккөзі
16 - 27 қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қанша ақша түскені жарияланды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. «2022 жылғы 16 - 27 қаңтар аралығында қорға 52 миллиард теңгеден аса қаржы түсті. Қор жылына кемінде 100 миллиард теңге мөлшерінде қаражат жинайды деп жоспарланып отыр. Болжамға сәйкес, шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат түседі деп болжап отырмыз», - делінген хабарламада. Айта кетсек, бұған дейін Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық жасауға асықпайтын ірі кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасаған болатын. Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев қорға ақша аударуға «асықпайтын» кәсіпкерлерге ескерту жасады