«Елімізде саяси бағыт-бағдар ауысты» – депутат

«Елімізде саяси бағыт-бағдар ауысты» – депутат

«Елімізде саяси бағыт-бағдар ауысты» – депутат
ашық дереккөзі
30 жыл мемлекетті басқарған топ саяси аренадан кетіп, елімізде саяси бағыт-бағдар ауысты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров айтты. Ол «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінің қорытындысымен Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.   Депутат бұл қалыпты жағдай екенін, саясатта да топтар ауысып тұруы қажет екенін жазды.
«Бұл Қазақстанның саяси тарихындағы аса маңызды тарихи оқиға болды. Тек қана партияның басшылығы ауысқан жоқ, елімізде саяси бағыт-бағдар ауысты. Дәлірек айтсақ, 30 жыл мемлекетті басқарған топ саяси аренадан кетті. Жалпы, біз министрлердің ауысуы, партияның басшылығының ауысуы жөнінде айтқанда одан ешқандай сенсация жасаудың қажеті жоқ. Адамның табиғаты сол - біреу келеді, біреу кетеді. Дәл сол сияқты саясатта да топтар ауысып тұруы қажет. Ондай ауысу болмаса, саяси организм тұрып қалған су тәрізді «борсып кетеді». Судың өзі «өлі суға» айналады. Міне, жүріс-тұрыстың, ауысып тұрудың мән-мәнісі осында. «Nur Otan» партиясынан осыған дейінгі билеуші топ ауысып, кетті. Міне, резюме», - деді Ерлан Сайыров.
Тағы оқи отырыңыз: Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің құрамы жаңарды Елбасы Тоқаевтың «Nur Otan» партиясын басқаруына қатысты пікір білдірді