Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы тағайындалды
ашық дереккөзі
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Айдын Қабдолдинов Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы қызметіне тағайындалды, деп жазды turkystan.kz. СҚО ішкі істер органдарының жеке құрамына жаңа басшыны министр Ерлан Тұрғымбаев пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды. Айдын Қабдолдинов 1977 жылы 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. 1998 жылы ІІМ Алматы заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ішкі істер органдарында 1994 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етіп келе жатыр. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі лауазымдарын атқарды. 2020 жылдың ақпанынан бастап Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Алматы полициясы өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болған.