Өлген адамның денесін чемоданға салып қойған

Өлген адамның денесін чемоданға салып қойған

Өлген адамның денесін чемоданға салып қойған
ашық дереккөзі
Өзбекстандағы Ташкент облысының Аханғаран ауданында 3 метр терендіктегі жартастан қызыл чемодан табылды, деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында Аханғаран ауданы Гүлабад махалласынан Паркент ауданына апаратын жолға жақын жерде орналасқан 3 метрлік құдық ішінен қызыл чемодан табылған. Ал оның ішінен 30-35 жас шамасындағы азиат әйелдің мәйіті шықты. Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша іс қозғады. Жәбірленушінің аты-жөні анықталды. Тергеуді Ташкент облыстық прокуратурасының қызметкерлері жүргізіп жатыр.