Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтату туралы келісімге келді

Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтату туралы келісімге келді

Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтату туралы келісімге келді
ашық дереккөзі
Бүгін қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс тыйылды, деп хабарлады turkystan.kz. Қырғызстанның Баткен облысының басшылары Әбдікәрім Әлімбаев пен Тәжікстанның Соғды облысының басшылары Раджаббой Ахмадзоданың келіссөздері нәтижесінде атысты тоқтату, шекара төңірегіне жиылған қосымша күштер мен құралдарды қайтару туралы келісім жасалды. Бұдан бөлек, Баткен - Исфана жолы ашылатын болды. Сондай-ақ тараптар қақтығыс болдырмау үшін шекаралас аймақтарды екі елдің тәртіп сақшыларының бірлесіп патрульдеуін ұйымдастыруға келісті. Қырғызстанның шекара қызметі қаңтардың 28-і күні таңертең Тәжікстанмен шекарадағы жағдайды тұрақты деп бағалады. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай 27 қаңтар күні кешкісін ушыға түскен еді. Екі елдің шекара ведомстволары қақтығысты бастады деп бір-бірін айыптады.