Сот Елжан Біртановтың ісін прокурорға қайтарды

Сот Елжан Біртановтың ісін прокурорға қайтарды

Сот Елжан Біртановтың ісін прокурорға қайтарды
ашық дереккөзі
Елордадағы №2 аудандық сот экс-министр Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке қатысты істі прокурорға қайтарды, деп жазды turkystan.kz. Алдын ала тыңдау нәтижесі бойынша қылмыстық іс қылмыстық процестік заңнаманың бұзушылықтарын жою үшін Бас прокуратураға беріледі.
«Сот сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуші органның іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін заңды бұзушылыққа жол бергенін анықтады. Қылмыстық процестік кодекстің 297-бабының 7-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс сотқа прокурормен шағымды шешкенге дейiн жiберiлмеуі тиiс. Нақты жағдайда тергеу уақытында қорғаушылардың шағымдары шешілмеген», - деді аудандық соттың судьясы Ибрагим Әлкенов.
Елжан Біртанов пен оның қорғаушыларының қылмыстық істі қысқарту бойынша өтініштерін сот қанағаттандырмады. Себебі мұндай өтініштер іс сот өндірісіне қабылданғаннан кейін және басты сот талқылауы барысында ғана қаралады.