Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің құрамы жаңарды

Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің құрамы жаңарды

Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің құрамы жаңарды
ашық дереккөзі
Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысты. Жиын қарсаңында партияның Саяси кеңесінің қаулысымен бекітілген күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар партияның төрағасын сайлау, Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы үш мәселені қарады.
  1. Партияның төрағасын сайлау туралы
Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен елдің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.
  1. Жарғыға өзгерістер енгізу туралы
Осы уақытқа дейін партиялық жарна жалақының ең төменгі мөлшеріне байланыстырылып, ең төменгі жалақының 0,7%-ін немесе жылына 3570 теңгені құрағаны белгілі. Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес биылғы жылдың қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдерді ең төменгі жалақыға байланыстыру алынып тасталды. Партия Жарғысына сәйкес, партиялық жарнаның мөлшерін бекіту Съездің айрықша құзыретіне жататындықтан, бүгін делегаттар партиялық жарнаны айлық есептік көрсеткішке байланыстыра отырып есептеу туралы шешім қабылдады. Бұл айлық есептік көрсеткіштің 0,1-ін, яғни жылына 3676 теңгені құрайды. Съездің 389 делегатының 389-ы Жарғыға өзгерістер енгізуге дауыс берді.
  1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы
Жиын барысында делегаттардың барлығы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді. Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді. Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды. Атап айтқанда, әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, 13%-ке дейін артты. Өкілдердің орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады. Мемлекеттік қызметшілердің саны үштен бірге қысқарды. Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты. Мәселен, білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артты. Ал ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерінің үлесі 2 есеге (15,2%) ұлғайды. «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің жаңа құрамы:  width=  width=  width=  width=  width=  width=