«Шын мәнінде, «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек» – Тоқаев

«Шын мәнінде, «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек» – Тоқаев

«Шын мәнінде, «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек» – Тоқаев
ашық дереккөзі
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс өткен XXI съезінде айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ең бастысы, қоғамға тыныштық пен тұрақтылық керек. «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін ең алдымен біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп, жұмыс істеуіміз қажет», - деді Президент.
Сондай-ақ ол партия мемлекетшілдер партиясы болуы тиіс екенін айтты.
«Шын мәнінде «Nur Otan» мемлекетшілдер партиясы болуы керек. Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюы тиіс. Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.