Алаяқтың кесірінен жүк тиелген 1200-ден астам вагон тоқтап тұр

Алаяқтың кесірінен жүк тиелген 1200-ден астам вагон тоқтап тұр

Алаяқтың кесірінен жүк тиелген 1200-ден астам вагон тоқтап тұр
ашық дереккөзі
Қазақстандық экспедитор «Альжанов А.А.» ЖШС ресейлік жүк жөнелтушілерден тасымал төлемі үшін 370 млн рубль алып, қашып кеткен. Енді алаяқтың кесірінен жүк тиелген вагондар шекарадан өте алмай жатыр, деп жазды turkystan.kz «Ведомости» басылымына сілтеме жасап. Тоқтап тұрған вагондарға орман және құрылыс материалдары, металл конструкциялары, халық тұтынатын тауарлар тиелген. «Қазақстан темір жолы» АҚ алым төлегенге дейін пойыздарды өткізуден бас тартып отыр. «Ресей темір жолдары» компаниясы бұл мәселе бойынша «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келіссөз жүргізіп жатқанын атап өтті. Ресейлік компанияның дерегінше, жүктерді жөнелтуге «ҚТЖ» мен экспедитор жауапты. «Тасымалдау және инфрақұрылым» ұлттық орталығының президенті Павел Иванкин Орталық Азия елдеріндегі тасымалдаушылар тек резидент төлеуді талап ететінін растады. Сондықтан ресейлік компания жергілікті серіктес табуға немесе резидент-компания құруға мәжбүр. Бұл мәселеге қатысты «Қазақстан темір жолы» АҚ түсінік берді.
«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС кесілген материалдар тиелген 1200-ден астам транзиттік вагон Қазақстан аумағында тұрып қалғанын растайды. Оның ішінде 312 вагон төлем түскеннен кейін тиісті станцияға жөнелтілді. Бұл жағдай экспедитор Қазақстан аумағы бойынша тасымалдауға қажет төлемді төлемегендіктен болды. Вагондарды одан әрі жіберу мәселесін шешу үшін экспедиторлармен кеңес өткізілді. Темір жол тасымалдары саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде төлеушіні ауыстыру, экспедиторлардың өтінімдерін қарау үшін жұмыс тобы құрылды» деп жазылған хабарламада.