Вице-премьер Склярдың інісі Мәсімовтің орнына жайғасты

Вице-премьер Склярдың інісі Мәсімовтің орнына жайғасты

Вице-премьер Склярдың інісі Мәсімовтің орнына жайғасты
ашық дереккөзі
Василий Скляр Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Айта кетсек, Нұрлан Мәсімовтің орнына келген Василий Скляр - Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың туған інісі. Ол бұған дейін Екібастұз қаласының Полиция департаментіне басшылық еткен. Ал Павлодар облысының Полиция департаментін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жақын туысы Нұрлан Мәсімов басқарған еді. Ол 17 қаңтарда қызметінен алынды. Тағы оқи отырыңыз: Нұрлан Мәсімов қызметінен кетті Мәсімов халыққа үндеу жасады Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген. 2006 жылы ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген. Мамандығы – заңгер, құқық магистрі. Ол әр жылдары Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы, қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Арнайы атағы –  полиция полковнигі.