«Болашақ» бағдарламасының тізіміне Ресей университеттері енді

«Болашақ» бағдарламасының тізіміне Ресей университеттері енді

«Болашақ» бағдарламасының тізіміне Ресей университеттері енді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлайтын оқу орындарының тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Енді техникалық бағыттағы мамандарды дайындайтын оқу орындары тізімінде төмендегі ресейлік университеттер бар: Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті; «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті; Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті; Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты. Қазіргі уақытта министрлік тізімге «МИФИ» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және Ұлттық зерттеу университетін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тізімге жалпы 27 елдің 200-ден астам жоғары оқу орны енген. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы мамандарды даярлау географиясының кеңейетінін мәлімдеді.
«Әлемдегі 200-ден астам жоғары оқу орындарының тізімі тағы бірнеше беделді ресейлік жоғары оқу орындарымен толықты. Бұл түлектерге жоғары оқу орындарын таңдауда одан да көп мүмкіндіктер беріп, техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға қолжетімділікті кеңейтеді. Сонымен қатар, біз мамандарды даярлаудың техникалық бағыттарына баса назар аударамыз», - деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.