БҚО-да жеңіл жүрісті анасына ашулы оқушы мектепті өртемек болған (ФОТО)

БҚО-да жеңіл жүрісті анасына ашулы оқушы мектепті өртемек болған (ФОТО)

БҚО-да жеңіл жүрісті анасына ашулы оқушы мектепті өртемек болған (ФОТО)
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының мектеп оқушысы әлеуметтік желіде күйінген жазбасын қалдырды. Ол анасына ренжіп, білім ордасын өртемек болды, деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы орта мектепте оқитын жасөспірім арақтан көз ашпайтын анасына қатты ренжулі. Тіпті, анасының мастығын ер адамдар пайдаланып жүр деп күйінуде. Ал сыныптастары анасының бұл әрекетін әшкерелеп, мазақтайды екен. Соған ашуланған ол әлеуметтік желіде мектепті түгел өртеп жіберетінін жазған.
«Менің шылым шегіп, ішімдік ұрттаған бейнежазбамды көріп алыңдар. Жақын күндері өртке оранған, ішіндегі адамдардың отқа жанған сәтінен дәл осындай видео жүктеймін» деп жазған жасөспірім.
оқушы Оның бұл жазбасы жергілікті тәртіп сақшыларының назарына ілінді. Бірден кім екені анықталып, қатаң бақылауға алыныпты. Сонымен қатар оқушының анасы Әкімшілік кодекстің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша жауапкершілікке тартылды.
«Бірден іздеу жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желіге бейнежазба жүктеген автор анықталды. Ол - 2005 жылғы жасөспірім. Қазір отбасы қатаң бақылауда», - дейді БҚО ПД қызметкерлері.