«28 жыл бұрын 28 қаңтарда шыққан»: бүгін – халықаралық Túrkistan газетінің күні

«28 жыл бұрын 28 қаңтарда шыққан»: бүгін – халықаралық Túrkistan газетінің күні

«28 жыл бұрын 28 қаңтарда шыққан»: бүгін – халықаралық Túrkistan газетінің күні
ашық дереккөзі
Атаулы датаға орай, бүгін саяси апталықтың Алматыдағы тілшісі Ахмет Өмірзақ өзінің Facebook-тегі парақшасына газет ұжымы мен оқырмандарына арнап жылы лебізін жазды.
«Осыдан тура 28 жыл бұрын 28 қаңтарда алғашқы саны жарық көрген газеттің іргетасын қалап, оны қазақ рухани әлеміне аса қажетті де пайдалы басылымға айналдырған көрнекті қаламгер, Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов болатын. Одан кейін әр жылдарда Túrkistan газетінің Бас редакторлары болған Шәмшидин Пәттеев, Жаңабек Шағатай, Қуат Әуесбайлар газетке өз қолтаңбаларын қалдырып, Túrkistan-ды түлете түсті. Газет басшылығына өткен жылдың соңында келген танымал ақын, белгілі журналист Бауыржан Бабажанұлы да жаңа айдарлар ашып, тың тақырыптағы материалдар берілуін ұйымдастарып, басылымды жаңа деңгейге көтеруге күш салып жатыр», - деді Ахмет Өмірзақ.
Сондай-ақ ол қазақтың қабырғалы басылымына айналған Túrkistan-ның туған күнінде осы газетте жұмыс істеген және қазір де оны өз деңгейінен түсірмеу үшін тер төгіп жатқан әріптестерге және газет оқырмандарына алғыс білдірді.