«Минометтер мен гранатомет қолдануда»: шекарадағы қақтығыста 7 қырғызстандық зардап шекті

«Минометтер мен гранатомет қолдануда»: шекарадағы қақтығыста 7 қырғызстандық зардап шекті

«Минометтер мен гранатомет қолдануда»: шекарадағы қақтығыста 7 қырғызстандық зардап шекті
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде 7 адам зардап шеккен, деп хабарлады turkystan.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап. Баткен облысындағы ауруханаға тағы 3 зардап шегуші жеткізілді. Екеуі түрлі жарақат алған, тағы біреуіне оқ тиген. Зардап шегушілердің жағдайы орташа ауыр. Барлығы 7 адам зардап шекті. Оқиға орнына Қырғызстан МҰҚК ШҚ Баткен облыстық басқармасының бастығы, полковник Кыялбек Толонбаев пен Баткен шекара жасағының бастығы, полковник Рустам Миршакиров барған. Келіссөздер нәтижесінде, жол учаскесі 19:30-да қайта ашылды. Тағы оқи отырыңыз: Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды
«Алайда 19:35-те тәжік тарапы Баткен ауданы Чыр-Добо елді мекенінде Қырғызстан МҰҚК ШҚ шекара жасағына қарсы қару қолданып, оқ атуына байланысты жағдай қиындаған. Қырғызстан мен Тәжікстан шекара жасағы арасындағы негізгі қақтығыс Торт-Кочо мен Чыр-Добо елді мекендерінде жүріп жатыр. Тәжікстан тарапы минометтер мен гранатомёт қолдануда», - деп хабарлады Қырғызстан Шекара қызметінен.