«ӨКМ Операторының» экс-басшысы мен Экология вице-министрі 2 айға қамауға алынды
«ӨКМ Операторының» экс-басшысы мен Экология вице-министрі 2 айға қамауға алынды
Экология, геология және табиғи ресрустар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев 2 айға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер А.А. Примкулов пен М.К.Кумаргалиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді» деп жазылған хабарламада.
Тағы оқи отырыңыз: «ӨКМ Операторының» басшысы мен вице-министр қамауға алынды
«ӨКМ Операторының» басқарушы директоры қайтыс болды