«Блэкаут кезінде Энергетика министрлігі «2» деген баға алды» – сарапшы

«Блэкаут кезінде Энергетика министрлігі «2» деген баға алды» – сарапшы

«Блэкаут кезінде Энергетика министрлігі «2» деген баға алды» – сарапшы
ашық дереккөзі
Алматыда және Қазақстанның бірнеше өңірінде блэкаут болып, жұрт жарықсыз қалған болатын. Ресми ақпаратқа сәйкес, оңтүстіктегі блэкаутқа Өзбекстан мен Қырғызстан электр желісіндегі апат себеп болған, деп жазды turkystan.kz. Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компанияның (KEGOC) бұрынғы басшысы, сарапшы-энергетик Әсет Наурызбаев Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергожүйесі қалай байланысатынына және неліктен барлық елде бір мезгілде электр қуаты сөнуі мүмкін екеніне тоқталып өтті. Энергетиктің айтуынша, біздің еліміз Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей қосылған бірыңғай энергия жүйесіне кіреді. Бұл елдердің энергетикалық айналымы қуаты 50 кВт құрайтын желілермен жалғанған. Егер осы шеңбердің бір жерінде апат болған жағдайда, онда бұл барлық елге әсер етуі мүмкін.  width=
«Әдетте, жүйенің бір бөлігінде апат болған кезде, кішігірім аудандарды сөндіріп тастайтын апатқа қарсы тетік іске қосылады. Бұл жолы олай болмады. Үлкен апат көрші екі елге және біздің кейбір аумақтарға әсер етті. Бірнеше елмен бірыңғай энергия жүйесінің болуынан ешқандай қауіп жоқ. Бірақ оның жұмысын ретке келтіруіміз керек. Өкінішке қарай, біздің Энергетика министрлігі жүйелік мәселелермен айналыспады. Біздің министрлік осындай төтенше жағдайға дайын болуы керек еді. Алайда апат кезінде олар сабақ оқымаған оқушы сияқты «екі» деген баға алды. Бұған алдын ала дайындалсақ, ештеңе болмас еді», - деді Әсет Наурызбаев.
KEGOC-тің бұрынғы президентінің айтуынша, біздің елдегі энергетикалық жағдайды иесі өртке дайындалып жатқан қамыс үймен салыстыруға болады. Энергетика министрлігі дәл осындай апаттарға дайын емес болып шықты. Әсет Наурызбаев Қазақстанның болашақта энергия тапшылығына алдын ала дайындалу керектігін мәлімдеді. Майнерлер айтарлықтай қуат алатынын, олардың тарапынан сенімді сұраныс бар екенін ескере отырып, елдің оңтүстігінде күн және жел станцияларын салу қажет.