Жаңалықтар

«Блэкаут кезінде Энергетика министрлігі «2» деген баға алды» – сарапшы

ашық дереккөзі

«Блэкаут кезінде Энергетика министрлігі «2» деген баға алды» – сарапшы

Алматыда және Қазақстанның бірнеше өңірінде блэкаут болып, жұрт жарықсыз қалған болатын. Ресми ақпаратқа сәйкес, оңтүстіктегі блэкаутқа Өзбекстан мен Қырғызстан электр желісіндегі апат себеп болған, деп жазды turkystan.kz. Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компанияның (KEGOC) бұрынғы басшысы, сарапшы-энергетик Әсет Наурызбаев Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергожүйесі қалай байланысатынына және неліктен барлық елде бір мезгілде электр қуаты сөнуі мүмкін екеніне тоқталып өтті. Энергетиктің айтуынша, біздің еліміз Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей қосылған бірыңғай энергия жүйесіне кіреді. Бұл елдердің энергетикалық айналымы қуаты 50 кВт құрайтын желілермен жалғанған. Егер осы шеңбердің бір жерінде апат болған жағдайда, онда бұл барлық елге әсер етуі мүмкін.