Жаңалықтар

Алматыда зорланған қыздың көтеріп қалған ұлын туыстары сатып жіберген (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда зорланған қыздың көтеріп қалған ұлын туыстары сатып жіберген (ВИДЕО)

Алматыда зорлықтың құрбаны болған әйел туған баласын іздейді. Бойжеткен шағында оны біреу зорлап, ақырында жүкті еткен. Бұл жаңалықты естіген туыстары баладан «құтылудың» амалын іздеп, сәби сүйе алмай жүрген жұпқа сатып жіберген, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.  25 жастағы Мәдина жүзін көрсетуден бас тартты. Ол жас күнінде зорлықтың құрбаны болғанын жеткізді. Айтуынша, танысы оның сәбиін әлдекімдерге сыртынан сатып жіберген. 7 жылдан бері Мәдина ұлын ойлаумен келеді. «Мен сол Айгүлдің үйінде тұрып, бірнеше ай жұмыс істедім. Подъездерді жудым. Бізбен бірге Қырғызстаннан келген тағы бір қыз тұрды. Бастапқыда бәрі дұрыс болды. Кейін Айгүлге бір еркектер келе бастады. Олар бізге тиісіп, ақырында зорлады. Кейін бұл үшін Айгүлдің ақша алғанын білдік», - дейді Мәдина. Кейін қыз туыстарының үйіне қашып кеткен. Сол жақта жүріп жүкті екенін білген. Ал бұл жаңалықты туыстары аса қуанышпен қабылдамаған. Бірден баладан «құтылудың» жолын іздеген. «Баламды өзім тәрбиелегім келеді. Ол кезде тым жас болдым, ештеңе түсінбедім. Бірақ бір жерде баламның бар екенін білемін. Қыздарым дүниеге келген соң, өз қаныңның не екенін түсіндім. Оның қайда екенін, кімдердің асырап алғанын білмеймін. Тек есімін білемін. Оны Әли деп атаған. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат өткізейін дегем. Базадан менің 3 балам бар деп шықты», - дейді Мәдина. Қазір баланы іздеуге Мәдинаға еріктілер көмектесіп жатыр. Сондай-ақ баспана мәселесін шешуге тырысуда. Мәдина 2 қызымен бірге тар «времянкада» тұрып жатыр. Ол бір отбасына қызмет етеді. «Бұл отбасының базалық қажеттіліктері жоқ. Табысы өте төмен. Кейде қарапайым азық-түлік өнімдерінің өзі болмайды. Бірер күн бұрын азық-түлік алып келдік. Үлкен қызы пакеттен етті алып, оның не екенін сұрады. Балалар өмірлерінде ет көрмеген екен. Оған баспана мәселесімен көмектескіміз келеді. Қызға психотерапия керек. Тартып алған баласын қайтаруға көмектесе алатын адвокат іздеп жатырмыз», - дейді SVET қоғамдық қорының директоы Кирилл Флаймен. Наурызбай аудандық әкімдігі де демеуші іздеуге көмектесетінін айтты. Алайда ол көмектің қашан келетіні белгісіз. «Аудан әкімдігі гуманитарлық (демеушілердің көмегімен) және кеңестік көмек көрсетеді», - дейді Наурызбай аудандық әкімдігі. Еріктілер қазақстандықтардың көмегінен үміттенеді. Әйел материалдық, психологиялық, заңдық көмекке мұқтаж. Зорлықтың құрбаны болған әйел ұлын кері қайтарып алудан үмітті.