Өзін «мемлекеттік қызметкермін» деп таныстырған алаяқ ұсталды

Өзін «мемлекеттік қызметкермін» деп таныстырған алаяқ ұсталды

Өзін «мемлекеттік қызметкермін» деп таныстырған алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
Жетісай полицейлері өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Аудандық полиция бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, ол 2021 жылдың қазан айында өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырған танысына алданып қалған. Яғни, алаяқ жәбірленушінің әйелі екеуіне мемлекеттен қайтарымсыз көмек алуды ұсынған. Жас жігіт бұған өзінің кепіл болатынын айтып сендірген. Бұл мақсатқа 570 мың теңгенің керек екенін және бұл соманы қайтарымсыз мемлекеттік қаржыдан 2 есе қылып алып беруге уәде береді. Алайда танысы ақшаны алғаннан кейін уәдесін де орындамайды, ақшаны да қайтармайды. Аталмыш жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркеді. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінінің жүрген жерін анықтады. Оны тауып, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында полиция бөліміне жеткізді. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, оның тағы қандай алаяқтық жайтына қатысы бары тексерілуде.