Әлемде коронавирустан 5 млн 62 мың адам қайтыс болды

Әлемде коронавирустан 5 млн 62 мың адам қайтыс болды

Әлемде коронавирустан 5 млн 62 мың адам қайтыс болды
ашық дереккөзі

Әлемде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны 360 миллионнан асқан. Пандемия басталғалы 5 миллион 62 мың адам қайтыс болды, деп жазды turkystan.kz. ДДСҰ мәліметінше, кеше әлемде 578 392 адам ауру жұқтырып, 5 620 865 адам көз жұмған. Ауруды жұқтырғандар саны бір күнде 3 395 352-ге, ал қайтыс болғандар 10 176-ға өсті. Ең көп індетке шалдыққандар АҚШ-та тіркелген – 71 812 665 адам. Одан кейінгі тізімде Үндістан (40 371 500), Бразилия (24 311 317), Франция (17 252 793) және Ұлыбритания (16 149 323) тұр. Сондай-ақ ең көп өлім саны АҚШ-та – 866 039. Екінші орында - Бразилия (623 843), үшінші орында - Үндістан (491 700). Одан кейін Ресей (328 770) мен Мексика (303 776) тұр.