Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды
ашық дереккөзі
Тәжікстан-Қырғызстан шекарашыларының арасында атыс болып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kg-ге сілтеме жасап.  Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің ақпарат және коммуникациялар департаменті мәлімдеді. Қырғыз Республикасы шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 17.30-18.00 аралығында басталған. Тәжікстан азаматтары Торт-Кочо ауданында Баткен-Исфана жолын жауып тастаған. Сағат 19:30-да жол қайта ашылды.
«Алайда сағат 19.35 шамасында жағдай тәжік тарапының Баткен облысының Чир-Добо ауданында Қырғызстан шекара бөлімшелеріне қарсы қару қолдануына байланысты ушығып кетті. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасындағы негізгі қақтығыстар Торт-Кочо және Чир-Добо аудандарында өтіп жатыр. Тәжік тарапы минометтер мен гранатометтерді қолданған», - деді шекара қызметі.
Төтенше жағдайға Тәжікстан азаматтарының көліктері Сомониён ауылынан Чоркух жамағатына көшіп бара жатқанда Қырғызстан тұрғындарының тас лақтыруы, содан кейін жолдың жабылуы себеп болуы мүмкін. Республикалардың шекарасында қақтығыстар жиі болып тұрады. Кейде жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыстар ауқымды әскери қақтығыстарға ұласады. Соңғы ірі атыс 2021 жылдың сәуір айының соңында болды.