ММА спортшысы суицид жасады
ММА спортшысы суицид жасады
Аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен 22 жастағы Пьер Люденің денесі Марсельдегі пәтерінен табылды, деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Люде өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам бар. Ол аралас жекпе-жекте 2017 жылдан бері өнер көрсеткен. Содан бері 6 кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетсе, біреуінде жеңілген.
2019 жылы наурызда ол M-1 Challenge 101 турнирінде өнер көрсетіп, 28 жастағы қазақстандық Асу Алмабаевтан (13-2) жеңіліп қалған.
Сондай-ақ франциялық спортшы полицияда қызмет атқарған.