«Елімізде 2 миллион адам жұмыссыз» – депутат (ВИДЕО)

«Елімізде 2 миллион адам жұмыссыз» – депутат (ВИДЕО)

«Елімізде 2 миллион адам жұмыссыз» – депутат (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін сенатор Мұрат Бақтиярұлы елдегі статистикалардың шындыққа сәйкес келмейтінін сынады, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Оның айтуынша, кедейлік деңгейін анықтауға деген көзқарас әлі күнге дейін оны төмендетіп көрсетумен ғана шектеледі. Статистика жүргізуде ашықтық жоқ деген сенатор Үкіметке кедейшілікпен күресудің жаңа жүйесін жасауды ұсынды.
- Жергілікті атқарушы органдар, Үкімет жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін үнемі төмен көрсетумен келеді. 2021 жылы Үкімет елде 450 мың адам жұмыссыз деп көрсетсе, кедейшілік деңгейі 4,5 пайыздан аспайды деген ресми ақпарат берді. Осы шындыққа сәйкес келе ме? Жоқ. Шындығында, біздің есебімізше, елде 2 миллион азамат жұмыс таба алмай жүр, - деді Мұрат Бақтиярұлы.