Ашхабадта қара бетперде тағуға тыйым салынды

Ашхабадта қара бетперде тағуға тыйым салынды

Ашхабадта қара бетперде тағуға тыйым салынды
ашық дереккөзі
Turkmen.news сайтының хабарлауынша, полиция қазір қара бетперде таққан жаяу жүргіншілерді тоқтатып жатыр. Олар бұл тыйымның себебін түсіндірмеген, деп жазды turkystan.kz.
«Полиция «тәртіп бұзушылардан» 50 манат айыппұл төлеуді талап етеді (бұрын қоғамдық орындарға бетпердесіз шыққаны үшін айыппұл 21 манат болатын). Егер сол жерде ақша берсе, бірден босатады. Дауласса, бөлімшеге апарады», - деп жазылған ақпаратта.
Сондай-ақ мектептерде қара бетперде тағып алған оқушыларды да бақылау басталған. Олар қара бетперде киген балаларды суретке түсіріп, ата-анасынан 50 манат талап ететін көрінеді. Жол полициясы қызметкерлері Ашхабад жүргізушілеріне тек ақ бетперде тағуды 2021 жылдың желтоқсанында талап ете бастаған. Ендігі кезек жаяу жүргіншілерге келген сияқты.