Мәди Ахмет халықтың жағдайын жақсарту керектігін айтты

Мәди Ахмет халықтың жағдайын жақсарту керектігін айтты

Мәди Ахмет халықтың жағдайын жақсарту керектігін айтты
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты Мәди Ахмет Instagram-дағы парақшасында халықтың жағдайын жақсарту керектігін айтты. Саны бар, сапасы жоқ іс-шараларды тоқтатып, нақты жұмыстармен айналысуды ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қаңтардағы дүрбелеңнен есімізді жинап болғанша, балалар жылының бірінші айы артта қалмақ. Қалған 11 айда не жасалмақ, жоспар қандай, кім жауапты? Өткен жылы Мәдениет министрлігі жариялаған «Балалар әдебиеті» жылы сыңайлы аты бар, заты жоқ болмаса болғаны. Әр жылды бір мәселеге арнағанымыз дұрыс та шығар. Бастысы, сол бағыттағы қордаланған мәселені түбегейлі шешу. Бізде жарияланған жыл аяқтала салысымен мәселеге көңіл бөлу де тоқтайды. Айналып келгенде, қол жеткізген өзгерістер ескі сарынға қайта түседі», - деді депутат.
Оның айтуынша, жастардың проблемасын шешіп, қолдауға бағытталған жастар және волонтерлар жылы жағдайды түбегейлі өзгерте алмады. Тіпті, сол жылдары орындалуы тиіс бастамалардың тең жартысы орта жолда қалды. Бірақ миллиардтаған қаржы еш қиындықсыз игерілді. Тағы оқи отырыңыз: Жас депутат өзіне қатысты «лайк қуып, хайп іздеп жүргендерге» күйінді Мәжілістің ең жас депутаты маңызды үндеу жасады
«Жаңа Қазақстанда жүзеге асатын реформалар және балалар жылы аясында қабылданатын шаралар кедейліктің тауқыметін көріп отырған 1 миллион баланың және 340 мың көпбалалы отбасының жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс. Саны бар, сапасы жоқ мың шараның орнына қомақты соманы құрайтын ана капиталын енгізу қажет! Адами капиталға көңіл бөлмей, қоғамды жаңартып, сананы өзгертеміз деген - жай сөз» деп жазды Мәди Ахмет.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Madi AKHMET (@madi_akhmet)