8 миллион оқырманы бар блогерге іздеу жарияланды

8 миллион оқырманы бар блогерге іздеу жарияланды

8 миллион оқырманы бар блогерге іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
Ресейдің Ішкі істер министрлігі дағыстандық блогер Хизри Запировқа федералды іздеу жариялады, деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. 26 жастағы Хизри Запировтың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында 8 миллионға жуық оқырман бар. Бұған дейін ол түрлі пранк және автомобиль тақырыбында видеолар түсіріп келген болатын. Пранкер алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
«Хизри Запиров, туған жері: Дағыстан Республикасы, 13.11.1995 ж.т. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес іздестірілуде», - делінген министрліктің ақпараттық базасында.
Сондай-ақ оның PR-директоры Лусик Карапетян да федералды іздеуде. Қазіргі уақытта олардың орналасқан жері белгісіз.